Еуропада газ тұтынуды 15%-ға азайту ұсынылды

Брюссель оған қоса елдерді газ тұтынуды азайтуға міндеттеу құқығын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Алайда Еуроодақтың көптеген мемлекеті күштеп үнемдетуге қарсы, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕО келесі айдан бастап Ресейге газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін деген қауіпке байланысты мүше елдерді өз еркімен газ тұтынуды 15%-ға азайтуды ұсынғалы отыр, деп жазды РБК.

20 шілдеде Еурокомиссия қысқа дейін газды үнемдеу жоспарын жариялауды көздеп отырғаны хабарланды. Бұл туралы El País басылымы жазған еді. Бұл ақпаратты Еуропа Одағының баспасөз хатшысы Эрик Мамер де растады.

Басылымның жазуынша, еуропалық шенеуніктер, атап айтқанда, қоғамдық ғимараттарды жылытуды 19 градусқа дейін, кондиционерлерді 25 градусқа дейін шектеуді ұсынып отыр.

Қыс суық болған жағдайда, Еуроодақтың жалпы ішкі өнімі 1,5%-ға төмендеуі мүмкін.

Ресей Еуроодақ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: