Италияның премьер-министрі отставкаға кетті

Сурет: Facebook/MarioDraghiPremierItalia
Италия премьері Марио Драги 21 шілдеде отставкаға кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Италияның президенті Серджо Маттарелла премьер-министр Марио Драгидің отставкасын қабылдады.

Үкімет жүктелген міндеттерді орындай береді.

Марио Драги өткен аптада отставкаға кету туралы өтінішін бергенде, оны президент қабылдамаған еді.

Драги 2021 жылдың ақпанынан бері Италияның премьер-министрі қызметін атқарды. Ол «COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимылды және оның салдарынан туындаған дағдарыстан кейін ел экономикасын қалпына келтіруді үкімет қызметінің басым бағыттары» деп атады. 2021 жылдың соңында Драги өзіне жүктелген міндеттерді орындалды деп санайтынын, сонымен қатар президент болуға және Квиринал сарайына көшуге дайын екенін айтты. Оның шешімін Демократиялық партия қолдады, бірақ Драги сайлауға қатыспады.

2022 жылғы наурыз айында Ұлттық статистика агенттігі Италияда инфляция өсіп жатқанын хабарлады. Маусым айында ол жылдық мәнде 6,8%-ға жетті (1990 жылғы қарашадан бергі ең жоғары).

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді