Металл шарды айналдыра лақтыру жарысы кезінде қайғылы оқиға орын алды

Сурет: visitscotland.com
Нидерландыда балғаны айналдыра лақтыру жарысында темір шар қоршаудан асып кетіп, сол маңнан өтіп бара жатқан адамға тиіп, мерт қылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға дәстүрлі "Тау адамдары ойындары" кезінде орын алды, деп хабарлайды The Sun.

Салмағы шамамен 10 келі болатын металл зат дәстүрлі спорттық жарыс кезінде қоршаудан асып кетіп, сол маңнан өтіп бара жатқан адамға тиді.

Оқыс оқиға 7 тамызда Нидерландтың оңтүстік-шығысында орын алды. Оқиға орнына медициналық тікұшақ келді, бірақ зардап шегушіні аман алып қалу мүмкін болмады. Жарыс кілт тоқтатылды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды.

Марқұм турнирдің көрермені болмаған.

Ойынды ұйымдастырушылар жарыстарда қолданылатын балға заманауи жеңіл атлетикада пайдаланылатын шарға ұқсас екенін айтты. Ол - салмағы 10 келіге дейінгі металл шар, ұзындығы - 1,2 метр, ағаш тұтқасы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті