Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын вирусқа қарсы шараларға арналған кеңесте коронавирусты жеңгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша эпидемияға қарсы науқандағы жеңісін салтанатты түрде жариялады, – деп хабарлады елдің мемлекеттік юұқаралық ақпарат құралы.

Еске салайық, 12 мамырда Корей халық демократиялық республикасында (КХДР) коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Оңтүстік Кореядан оралған адамда COVID-19 белгілері анықталды.

Екі жылдан астам уақыт бойы Солтүстік Корея билігі елде пандемия жоқ деп мәлімдеді. Сондықтан республикада аурудың анықталуына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Енді Yonhap басылымының хабарлауынша, қатаң карантин шараларының арқасында тамыз айында бірде-бір коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.

Сәуір айының соңынан шілденің соңына дейін елде барлығы 4 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырған.

COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады