Экс-президент Ашраф Ғани Ауғанстаннан неге қашып кеткенін айтты

Сурет: wikimedia
Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани тәліптер намысына тиіп, жаңа үкіметті заңдастыратын құжатқа қол қоюға мәжбүрлемеу үшін Ауғанстаннан қашып кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы 15 тамызда тәліптер Кабулға кіріп, ақыры Ауғанстанды бақылауына алды. Сол кезде елден қашып кеткен Ғани сынға ұшырады.

Кету себебім, тәліптер мен олардың жақтастарына Ауғанстан президентінің тағы да намысына тиіп, оны үкіметтің легитимділігі туралы құжатқа қол қоюға мәжбүрлеу рахатын сыйлағым келмеді. Мен ешқашан қорықпадым, – деді Ғани CNN арнасына берген сұхбатында.

Ауғанстанның экс-президентінің айтуынша, бастапқыда елден кету ойында болмаған. Сондай-ақ елден кеткенде қолында паспорты болмағанын айтты. «Қомақты ақшамен қашып кетті» деген ақпаратты да жоққа шығарды.

Еске салсақ, «Талибан» – лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкция салған ұйым.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы