Қытайда аптап ыстықтан ең ірі тұщы көл тартылып барады

Сурет: pixabay
Қытайда бірнеше аптаға созылған аптап ыстық пен қуаңшылықтан ең ірі тұщы көл – Поянхудың суы тартыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Табиғат апатынан басты күріш өсіруші штаттың бірі саналатын Цзянси аймағы көп зардап шегіп отыр, деп мәлімдеді «Хабар 24».

Жергілікті Табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне қарағанда, сәуір айында көлемі 4 мың шаршы шақырымды алып жатқан су айдыны 600 шаршы шақырым болып қалды.

Жергілікті билік көл суы барған сайын азайып бара жатқанын айтады. Мамандар қуаңшылықты әлемдегі климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Биыл Қытайдың көп бөлігінде соңғы ондаған жылда болмаған аптап ыстық болды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады