Бразилия джунглиінде бір тайпаның ең соңғы өкілі қайтыс болды

Сурет: pixabay
Бразилияда 26 жыл жалғыз өмір сүрген «Шұңқырдан шыққан адам» деген атпен танымал үндіс қайтыс болды. Ол өркениеттен тыс қалған тайпаның соңғы өкілі болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК басылымының жазуынша, оның денесін Үндістердің ұлттық қорының қызметкерлері үйінің жанындағы гамактан тауып алған.

Сондай-ақ оқиға орнында бөтен адамдардың ізі мен алысу белгілері табылмағаны айтылды.

Бразилияның Рондония штатында жалғыз үндіс тұратыны туралы ақпараттар 1996 жылы тарала бастады.

Оны жұрт «Шұңқырдан шыққан адам» деп атап кетті: өйткені оның әр тұрағынан терең тесіктер табылды. Ол шұңқырды аң аулау және қолайсыз ауа-райында паналау үшін пайдаланды деп болжанады.

lenta.ru сайтының жазуынша, оның тайпасын 1970-1980 жылдары джунглидегі аумақты басып алған ағаш өңдеушілер мен фермерлер жоя бастаған. 1995 жылы олар бес адамнан тұратын соңғы топты өлтірді.

Оның аты-жөнін, тайпаластары туралы мәліметтерді ешкім білмейді. Оның өлімімен тайпаның геноциді аяқталды. Фиона Уотсон, Survival International

Сонау 2018 жылы соңғы үндіс видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Бейнежазбадан Шұңқырдан шыққан адам балта тәрізді құралмен ағаш шауып жатқанын көруге болады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты