Таиланд туристер үшін барлық шектеуді алып тастайды

Сурет: unsplash
1 қазаннан бастап туристер Таиландқа кіру үшін вакцинация төлқұжатын немесе ПТР сынақтарын көрсетпейді. Мұндай шешімді ел билігі 22 қыркүйекте қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пандемияға дейінгі шарттар шектеусіз қолданылады, деп жазады Bangkok Post денсаулық сақтау министрі Анутин Чарнвиракулға сілтеме жасап.

Тайланд билігі 2020 жылдың 24 наурызынан бастап енгізілген төтенше жағдайды алып тастау туралы шешім қабылдады. Өйткені COVID-19 бойынша жергілікті және жаһандық жағдай жақсарды. Сонымен қатар коронавирус жұқтырып, тіркелгендер мен өлім саны азайып келеді.

Коронавирус инфекциясы Корольдікке кіруге кедергі келтіретін қауіпті аурулар тізімінен шығарылды. Негізінде бұл барлық шектеудің жойылуын білдіреді. Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға жұқпалы ауру мәртебесін берді.

Шектеулерді алып тастау туралы шешім Royal Gazette-те жарияланады.

2022 жылдың 23 маусымында Таиландта маска режимі жойылды.

COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі