Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны Жапонияның үстінен ұшып өтті

Сурет: Instagram/jgsdf_pr
Солтүстік Корея Чагандо провинциясынан Жапонияның Хоккайдо аралына қарай орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Токиода өткен шұғыл баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Хироказду Мацуно елдің үстінен Тынық мұхитына қарай ұшқан зымыран Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тысқары жерге құлағанын айтты, деп мәлімдеді TV Asahi.

Зымыран натқы қай жерге құлағаны айтылған жоқ.

Аймақтағы кемелерге зымыран жарықшақтарына жақындамауға кеңес берілді.

Мацуноның айтуынша, ұшақтар мен кемелердің зақымдануы туралы әзірге ақпарат жоқ. Ол сондай-ақ Жапония Солтүстік Кореяның бұл әрекетіне назарылық танытанын мәлімдеді.

Премьер-министр  Фумио Кисидо бастаған ел үкіметі ұлттық қауіпсіздік кеңесін өткізеді.

Солтүстік Корея өткен аптада бірнеше зымыран ұшырды. Барлық зымырандар, болжам бойынша, баллистикалық, ұшу биіктігі шамамен 50 шақырым, қашықтығы 300-ден 400 шақырымға дейін болды. Олардың кейбірі стандартты емес траектория бойынша ұшты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды