Қырғызстан ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуден бас тарту себебін түсіндірді

Сурет: pixabay
Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Еділ Байсалов ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық – 2022" оқу-жаттығуларын өткізбеу туралы шешім қабылдауға Тәжікстанмен болған жанжал себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның РИА Новости басылымына айтуынша, Қырғызстандағы қоғамдық пікір Тәжікстанмен жақында болған қақтығысқа байланысты армияның алдағы жаттығуларға қатысуын құптамайтын еді.

У нас абсолютно нерушимое членство в ОДКБ, у нас никаких проблем в отношении этой организации, с мандатом, с миссией, с уставом – никаких нет. Но, конечно же, в свете недавних событий не остыла кровь.

Бізде бұл ұйымға, мандатқа, миссияға, жарғыға қатысты ешқандай проблема жоқ. Бірақ, әрине, соңғы оқиғалар тұрғысынан ашу-ыза әлі басылған жоқ.Қырғызстанның вице-премьер-министрі Еділ Байсалов

Қырғызстан 9 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуден бас тартты.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды