Путин 21 қыркүйектен соң ресейліктердің елінен жаппай кетуіне қатысты пікірін айтты

Сурет: akorda.kz
Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін ресейліктердің елден жаппай кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен бұл арада эмоция тұрғысынан емес, заң жағынан баға бергім келеді. Белгілі бір жағдайдағы қандай бір азаматтың іс-әрекетіне нақты құқықтық баға беру керек. Біреу қорқып қашқан шығар, біреу мобилизациядан аяқ тартқан болар, тағы біреуінің қандай да бір басқа себептері болған шығар. Әрбір адамның нақты жағдайына құқықтық баға берілуі керек. Басқа амал жоқ, - деді Владимир Путин ресейлік журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол екі апта ішінде ішінара мобилизация науқаны аяқталатынын жеткізді. Оның айтуынша, қазір 222 000 адам әскерге шақыртып алынған.

ҚР ІІМ мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 21 қыркүйегінен кейін Ресейде ішінара мобилизация жарияланған кезде ғана біздің елімізге 200 мыңнан астам ресейлік келді, кейін олардың 147 мыңы басқа елдерге кетті.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді