"10 адам қаза тауып, 25-і жарақаттанды": Мысырда кісі толы автобус жол апатына ұшырады
Сурет: Zakon.kz
Ahram Online мәліметі бойынша, ірі жол апаты 2026 жылы 31 қазанда таңертең болған. Қазіргі уақытта 10 адамның қаза тауып, 24 адамның зардап шеккені белгілі. Оқиға орнында 20 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп, зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Зардап шеккендердің жартысының жағдайы ауыр екені, қалғандары жеңіл және орташа дәрежедегі жарақаттар алғаны да айтылады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, микроавтобус жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. Прокуратура апаттың мән-жайын анықтау үшін техникалық сараптама тағайындады.
Микроавтобуста кімдер болғаны және онда шетелдік азаматтардың бар-жоғы, әзірге белгісіз.
Égypte : dix morts et 24 blessés après une collision entre un minibus et un poids lourd, sur une autoroute à l’ouest du Caire. Le bilan pourrait s’aggraver. ➡️ https://t.co/wymFT4PcKT https://t.co/7sbDNhYBYv
— CNEWS (@CNEWS) October 31, 2026