Ху Цзиньтаоның съезд кезінде залдан кетуіне не түрткі болғаны белгілі болды

Сурет: parlam.kz
Желіде ҚКП съезі кезінде ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтаоны екі жігіт қолтығынан демеп, залдан алып шығып кеткен видеосы тарады. Кетіп бара жатып, ол Си Цзиньпинге сөйлейді. Қытай БАҚ беттерінде саясаткердің бұл әрекетін түсіндірген жаңа мәлімет тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Ху Цзиньтао Компартия съезінің жабылу салтанатында аяқ-асты кетуге мәжбүр болды, өйткені ол өзін нашар сезінді, қазір саясаткердің жағдайы әлдеқайда жақсы, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.

Айта кетсек, желіде тараған видеоға қатысты БАҚ-тарда сан түрлі болжам айтылды. Видеода Қытайдың қазіргі төрағасы Си Цзиньпиннің жанында отырған 79 жастағы ер адам іс-шарадан кеткісі келмеген сияқты әсер қалдырады. Бірақ оған жақындаған екі жігіт қолтығынан демеп, оны болмай залдан алып кетеді. Осыған қарап Ху Цзиньтаоны залдан күштеп шығарды деген дақпырт тараған.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі