Қазақстандық Нью-Йорк тұрғындарының алдында күй тартты

Сурет: видеодан скриншот
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс 26 қазан күні Instagram желісіндегі парақшасында қазақ баласының домбырамен күй тартқан сәтінен видео бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы қазақ бала Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтарына "Ерке сылқым" күйін орындады. Бұл шара Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылды.

Видеода домбыра тартып отырған жігіт Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмырза екені кейін белгілі болды.

"Ерке сылқым" – қазақтың атақты сазгер-күйшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаевтың шығармасы.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты