БАҚ Лиз Трасстың телефонына ресейлік хакерлер шабуыл жасағанын жазды

Сурет: Instagram/elizabeth.truss.mp
Британдық баспасөзде Лиз Трасттың телефонына хакерлер тарапынан шабуыл жасалғаны, оған ресейлік арнайы қызметтің қатысы бар екені жөнінде ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Британдық Daily Mail басылымының жазуынша, 2022 жылдың жазында Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің сол кездегі басшысы Трасс хакерлік шабуылға ұшырады. Бірақ премьер-министр Борис Джонсон мен үкімет хатшысы Саймон Кейс бұл ақпаратты жасырған.

Хакерлер саясаткердің өткен жылғы, соның ішінде Ұлыбританияның бұрынғы кәсіпорын, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрі Квази Квартенгке жолдаған хабарламаларына қол жеткізген. Онда одақтастармен келіссөздер жүргізудің егжей-тегжейі, Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы мәліметтер мен басқа да құпия ақпараттар жазылған.

Басылымның жазуынша, бұл жағдай "дүрбелең тудырғандықтан", телефон құлыпталған сейфке қойылды.

Сыртқы істер министрінің де телефоны агенттерге күмәнді жеке хабарламалар жіберу үшін осылай оңай ұрланатын болса, бұл арнайы қызметтер үшін жақсы нәрсе емес, – деп жазылған мақалада.

Мақалада жазылғандай, Трасс телефонына жасалған хакерлік шабуыл туралы ақпараттың халыққа жария болуынан қорыққан. Бұл ақпарат БАҚ-та жарияланса, оның премьер-министр атануына кедергі келтіретін еді.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды