Гаага соты малайзиялық ұшақ апатына қатысты іске үкім шығарды

17 қарашада Голландия соты MH17 ісі бойынша төрт негізгі күдіктінің үшеуін 2014 жылы Украинаның шығысында малайзиялық Boeing ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот ресейлік Игорь Гиркин (Стрелков), Сергей Дубинский мен украиналық Леонид Харченконы "MH17 ұшағының құлауына және 298 адамның өліміне кінәлі" деп тапты. Олар сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал ресейлік Олег Пулатов ақталды, деп жазды РБК.

Төрт күдіктінің ешқайсысы сот отырысына қатысқан жоқ, өйткені олар қамауға алынбаған әрі сот олардың қатысуынсыз өтті.

Ресей ұшақ апатына қатысы бар деген айыптауды бірнеше рет жоққа шығарды. Мәскеу ұшақты украиндық әскерилер атып түсіргенін айтып, JIT-тің ресейлік тараппен ынтымақтастықтан бас тартқанын алға тартты.

Ресей Гаага аймақтық сотының MH17 ісі бойынша шығарған үкімінен саяси астар көретінін мәлім етті.

"Процесс барысы да, нәтижелері де оның Гаага соты мен оның серіктестері қайғылы оқиғаға Ресейдің қатысы бар екендігі туралы бірлескен тергеу тобында алға тартқан нұсқасын күшейту үшін саяси тапсырысқа негізделгенін көрсетеді", – деп мәлімдеді Ресейдің Сыртқы істер министрлігі.

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: