Қатарда футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Сурет: fifa
Қатардың әл-Хаур қаласындағы "Әл-Байт" стадионында Футболдан XXII әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы Футболдан әлем чемпионатын Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамада әл-Тани ашты.

Салтанатты шарада оңтүстіккореялық BTS тобының мүшесі Чон Чонгук "Dreamers" әнін орындады. Шарада көптеген танымал шетелдік және қатарлық әншілер өнер көрсетті.

Турнирдің ашылу матчында Қатар мен Эквадор құрамалары өнер көрсетеді. Бастапқы жоспар бойынша ашылу матчында Сенегал мен Голландия ойнауы керек еді, кездесу 21 қарашаға жоспарланған. Алайда тамыз айында ФИФА шешімін өзгертті. Соған орай бірінші болып Қатар мен Эквадор ойнайды.

Бұл Қатар мен Эквадор арасындағы алғашқы кездесу емес. Командалар бұған дейін үш рет кездескен, бірақ барлық ойындар жолдастық кездесу түрде өтті. Екеуі 1996 жылы өтті: бірінші рет тең (1:1) ойнады, келесісінде ойын эквадорлықтардың жеңісімен (2:1) аяқталды. Ал командалар соңғы рет 2018 жылы кездескен: бұл айтарлықтай қызық ойын болды, ол жолы қатарлықтар жеңді – 4:3.

2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. Әлем чемпионаты бес қалада сегіз стадионда өтеді.

Әлем чемпионатының жеңімпазы 42 миллион доллар алады.

Қатар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды