Америка елшісі Қазақстаннан АҚШ-қа бірден ұшып бару туралы пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
25 қарашада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм АҚШ пен Қазақстан арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дэниел Розенблюмнің айтуынша, екі тарап та Қазақстан мен АҚШ арасында әуе рейсін ашуға мүдделі.

"Бірақ сіздің түсініп тұрғаныңыздай, бұл - өте күрделі мәселе. Көптеген ереже мен нұсқауларды сақтау қажет. Атап айтқанда, біз АҚШ авиация қауымдастығымен сөйлесіп жатырмыз. Менің ойымша, бұл ертең немесе бір айдан кейін бола салатын жағдай емес. Дегенмен біз мұның көп ұзамай мүмкін болатынына сенімдіміз".АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм

Бұған дейін Дэниел Розенблюм қазақстандықтардың АҚШ-қа баруы үшін визаны жеңілдету мәселесі қарастырылып жатқанын айтқан. Дипломат америкалық тараптың қандай қадамдар жасап жатқанын қоса кетті.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді