Испанияда жолаушылар мінген екі пойыз соқтығысып, ондаған адам қаза тапты
Сурет: pixabay
El Diario басылымының жазуынша, апатқа AVE және Iryo пойыздары қатысқан. Екі пойызда 500-ден астам жолаушы болған.
Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, апатқа адам қателігі себеп болуы мүмкін. Болжамға сәйкес, Мадридтегі Аточа вокзалындағы қозғалысты басқару орталығының қызметкері бағдаршамның қызыл сигналына және жолдағы кедергіге қарамастан, Renfe пойызының машинисіне қозғалысты жалғастыруға рұқсат берген. Кейін бұл пойыз тоқтап тұрған Iryo құрамымен соқтығысқан. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиғадан кейін Мадрид пен Андалусия арасындағы жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Испанияның басқа аймақтарының билігі де қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Теміржол операторы Adif Мадрид, Кордова және Севилья қалаларында жолаушылар мен олардың туыстарына арналған көмек көрсету пункттерін ашты.
En #Espagne, une violente #collision entre un #AVE de #Renfe et un train #Iryo près d’#Urda, dans la province de #Tolède, aurait fait au moins 46 morts, selon le bilan provisoire cité. Les causes de cette catastrophe ferroviaire restent à établir. #Trains #MadridSevilla https://t.co/ZmOglNNC4D
— Politique Nu (@politiquenu) October 28, 2026
Толедода да зардап шеккендерге, олардың отбасыларына және апат салдарын жоюға қатысып жатқан мамандарға көмек көрсету орталығы құрылды. Сот және құқық қорғау органдары қаза тапқандардың жеке басын анықтау және қажетті сараптамаларды жүргізу жұмыстарын үйлестіріп жатыр.