Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt соқтығысып, алты адам қаза тапты

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2026 18:49 Фото: Zakon.kz
Жетісу облысындағы Сарыөзек – Көктал автожолының 110-шақырымында екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысты. Жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысты алдын ала мәліметті жариялады.

Белгілі болғандай, көліктің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.

"Оқиға орнында алты адам қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп нақтылады полиция департаменті.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырамыз", – делінген Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: