Алматы – Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы – Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 21:08 Сурет: Zakon.kz
18 шілдеде Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Алматы – Өскемен тасжолында Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz .

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды, жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырады", - деп хабарлады ведомство.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: