Кеңес әскери формасын киген бала Трамппен кездесуге Ақ үйге келді

Кеңес әскери формасын киген бала Трамппен кездесуге Ақ үйге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 12:57 Сурет: Ақ үй
2026 жылғы 29 қазанда Ақ үйде Хэллоуин мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Онда АҚШ президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамп балаларға тәттілер таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара YouTube желісінде тікелей көрсетілді. Ел басшысымен кездесуге келген балалар түрлі кейіпкерлердің, ертегі қаһармандарының костюмдерін киген. Ал бір бала әскери киіммен келген. БАҚ өкілдері оның киімін кеңестік камуфляж үлгісіне жатқызды. Бала басына фуражка киіп, иығына танк әскерлерінің шевронын таққан. Оның жанында орыс халқының ұлттық киіміне ұқсас костюм киген қыз болды.

Балалар жақындағанда Мелания Трамп таңданысын жасыра алмай, баланың фуражкасын қолымен ұстап көрді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: