Испанияның Қорғаныс министрлігі мен әуе базасына ішінде бомбасы бар сәлемдеме келді

Сурет: pixabay
1 желтоқсан күні Испанияның Қорғаныс министрлігі мен әуе базасына жарылғыш заттар салынған сәлемдемелер келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Mundo газетінің жазуынша, 1 желтоқсанда Торрехон-де-Ардос әуе базасындағы қауіпсіздік қызметкерлері спутник орталығына пошта арқылы жіберілген бомба салынған пакетті анықтады.

Әуе базасының қауіпсіздік жүйесі күдікті конверт тапты. Рентген арқылы талдаудан кейін оның ішінде қандай да бір механизм болуы мүмкін екені белгілі болды.

Мұндай пакет Қорғаныс министрлігіне де жіберілді.

30 қарашада Мадридтегі Украина елшілігінде жарылыс болды. Полицияның хабарлауынша, бомба салынған хат жарылып, бір адам жараланған.

24 қарашада премьер-министр Педро Санческе де жарылғыш зат салынған конверт келді. Оны президент әкімшілігінің қауіпсіздік қызметі анықтап, залалсыздандырды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады