Перу басшысы өзіне қатысты импичмент мәселесін қарастыруы тиіс парламентті таратты

Сурет: Gobierno del Perú
Перу президенті Педро Кастильо өзіне қарсы импичмент жариялау мәселесін қарастыруы тиіс Конгресті тарата салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ол елде төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Radio Programas del Perú жергілікті радиостанциясы.

"Біз заң үстемдігі мен демократияны қалпына келтіру үшін айырықша үкімет құру туралы шешім қабылдадық", — деді Кастильо және тоғыз ай ішінде жаңа конституцияны әзірлеуі тиіс Конгрестің сайлауы болатынын айтты.

Сондай-ақ, Перу президенті елдегі сот жүйесін қайта жасақтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Кастильо барлық азаматтар келесі 72 сағат ішінде заңсыз сақталған қаруларын тапсыруы керектігін мәлімдеді. Саясаткер халықты"елді ешқандай кемсітусіз даму жолына бағыттауға мүмкіндік беретін" өз шешімдерін қолдауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Социс-А" ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялады

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Референдум: үшінші экзитпол нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері

ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда