Эммануэль Макронның партиясының кеңсесінде тінту жүргізілді

Сурет: Facebook/Emmanuel Macron
Франция президентінің "Қайта жаңғыру" партиясының кеңсесінде, сондай-ақ Париждегі McKinsey штаб-пәтерінде тінту жүргізілді. Оған 2017 жылы америкалық консалтингтік компанияның Макронның сайлау науқанын қаржыландыру ісіне қатысты тергеу түрткі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFMTV атап өткендей, партиядағылар жандармдарға "пайдасы тиюі мүмкін кез келген ақпаратты беруге дайын" екенін мәлімдеген.

Қараша айында Ұлттық қаржы прокуратурасы президент Макронға қатысты тергеуді бастады. 2017 жылғы оның сайлау науқанын америкалық McKinsey консалтингтік фирмасы заңсыз қаржыландырған деген күдік келтіріледі.  


Қараша айында басталған тергеу үш тергеу судьясына жүктелгені айтылады. Олар, ең алдымен, Макрон мен McKinsey арасындағы байланысты тергеуге ниетті.


Француз прокуроры бұл арада "сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру" фактісі орын алған-алмағандығын тексеретін болады. 


Макронның өзі тергеу жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан білгенін айтады, ал 2017 жылғы науқан шоттары "бірнеше мәрте тексерілгенін" және бұл іс бойынша оған "ешкім жазбаша немесе ауызша ескерту жасамағанын да" жеткізді. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты