Жаңа жыл қарсаңында Бангкокта маска тағу талап етілді

Сурет: pixabay
Тайланд COVID-тің алдын алу шараларын қабылдап жатыр. Соңғы уақытта, әсіресе, елдің туристік провинцияларында коронавирус жұқтырғандар саны артқан. Ел билігі Жаңа жылды тойлауға қатысты бірқатар шектеулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бангкок губернаторы Чадчарт Ситтипунт жаппай мерекелік шараларға тыйым салынбағанын айтты. Алайда адам көп жиналатын жерлерде барлығы, соның ішінде туристер де бетперде тағуға мәжбүр болады, деп жазды Bangkokpost.

Бизнес өкілдері мен іс-шараны ұйымдастырушылар Жаңа жылды көпшілікпен тойлау үшін арнайы рұқсат алуы керек. Сондай-ақ Бангкокта коронавирусқа қарсы қайта екпе салдырғысы келетіндерге арналған пункттер саны көбейтіледі.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады