Украина атынан "Евровидение-2023" байқауына TVORCHI тобы қатысады

Сурет: vk/tvorchiofficial
"Евровидение-2023" халықаралық ән байқауында Украина атынан TVORCHI тобы Heart Of Steel әнімен қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

TVORCHI тобы қазылар алқасынан 9 ұпай, көрермендерден 10 ұпай алды. Осылайша, бұл топ 19 ұпай жинап, ұлттық іріктеуде жеңіске жетті.

Іріктеуде барлығы 10 қатысушы: Moisei, OY Sound System, DEMCHUK, Jerry Heil, FIINKA, KRUTЬ, Tember Blanche, Angelina, 2TONE, TVORCHI өнер көрсетті.

Еске салайық, 2022 жылғы "Евровидениені" украиналық Kalush Orchestra тобы Stefania әнімен жеңді, дәстүр бойынша келесі байқау жеңімпаз елде өтуі керек еді, бірақ Украинадағы соғысқа байланысты "Евровидениені" Ұлыбританияның Ливерпулінде өткізу туралы шешім қабылданды. Жартылай финалы 2023 жылғы 9 және 11 мамырда, ал финалы 13 мамырда өтеді. Оған 37 ел қатысады.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі