Зеленский Байденмен кездесу үшін Ақ үйге келді

Сурет: Telegram/Zelenskiy/Official
Украина президенті Владимир Зеленский сәрсенбі күні Ақ үйге келді, оны АҚШ президенті Джо Байден мен АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Вашингтонға АҚШ әуе күштерінің ұшағымен ұшып келді, ұшақ  Эндрюс базасына қонды.

"Бүгін мен Америка халқына, президентке және Конгресске алғыс айту үшін Вашингтонға келдім", – деп жазды Зеленский Telegram-да бірқатар фотосуреттерін жариялай отырып.

Ол бірнеше кездесу өткізетінін, оның ішінде АҚШ президентімен де кездесетінін айтты.

Зеленскийдің Ақ үйде Байденмен екіжақты кездесуі жоспарланған. Одан кейін Украина басшысы Конгресстің қос палатасының отырысында сөз сөйлейді. Бұл Зеленскийдің АҚШ-қа президент ретінде екінші сапары.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз