Қазақстандықтар үшін визасыз елдердің саны биыл 80-ге жетті – CIМ

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан биыл визасыз елдердің санын 80-ге дейін жетті. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанда дүниежүзінің 186 мемлекетімен дипломатиялық байланыста, ал біздің дипломатиялық қатынастарымыздың географиясы 70 мемлекеттегі 104 шетелдік мекемені қамтиды.

"2022 жылы визасыз елдердің тізімі паспорттардың әртүрлі санаты бойынша 80 мемлекетке дейін кеңейтілді, соның ішінде жалпы азаматтық паспорттар үшін 26 мемлекет. Паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша 9 жаңа елмен өзара келісімдер жасалды: Мальдив аралдары, Андорра, Никарагуа, Венесуэла, Боливия, Парагвай, Доминикана, Албания және Белиз". СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Бұған қоса, 2022 жылғы 12 қазанда Катармен дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері үшін визалардан өзара босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, ол жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босатады.

"Қолайлы инвестициялық ахуалды құру, іскерлік байланыстарды жандандыру және елдің туристік әлеуетін арттыру үшін ҚР Үкіметі Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін визасыз режим енгізді, бұл осы елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді".СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады