XVI Бенедиктің тақтан бас тартуы - бірнеше ғасырлар бойғы Ватикандағы алғаш тіркелген жайт. 1415 жылы Констанцадағы шіркеу Рим папасы XII Григорийдің отставкасын қабылдады, сонымен бірге антипоп XIII Бенедикт пен XXIII Джон тағын құлатылған. Ал бұрын өз еркімен тақтан бас тартқан жалғыз Рим Папасы болған еді. Ол - V Целестин.
XVI Бенедикт (Йозеф Ратцингер, бұрынғы Мюнхен архиепископы) бірнеше ғасырлардан бергі Германиядан тағайындалған алғашқы Рим Папасы болды.
Айта кетсек, Рим Папасы XVI Бенедикт 2013 жылы 28 ақпанда отставкаға кеткеннен кейін, папалық конклав 13 наурызда Бергольоны өзінің орнына мұрагер етіп сайлады. Ол Ассисидің Әулие Францискінің құрметіне өзінің папалық есімі ретінде Францискті таңдады.