Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары дарға асылды

Сурет: reuters
Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды. Оған "Ұлыбританияға тыңшылық жасады" және "сол үшін сыйақы алды" деген айып айыпталған , деп хабарлайды Zakon.kz.

Әли-Реза Әкбарда Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған. Оның дарға асылғаны туралы BBC сайты Ирандағы мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлаған.

Әли-Реза Әкбар 2019 жылдан бері қамауда отырған. Оған "Британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды" деген айып тағылған. BBC-дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған.

Ұлыбритания премьер-министрі, сыртқы істер министрі де мұны жабайы режимнің әрекеті деп бағалап, істің саясиланғанын айтқан. Франция билігі де Иранның бұл әрекетін айыптаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел