Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев үш шенеунікті қызметінен алып тастады

Сурет: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жауапты органдарға энергетикалық дағдарыс салдарын жоюды тапсырды. 2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басынан бері елде энергия мен жылу беруде қиындық туып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шавкат Мирзиёев премьер-министр мен энергетика министріне "проблема туындаған махаллалар халқына шұғыл көмек көрсететін жүйе құруды", электр қуаты, газ және жылу берудегі үзілістердің салдарын жоюға қанша уақыт қажет болатынын халыққа нақты айтуды тапсырды. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді.

Ол сұйытылған газ немесе көмір жеткізу бойынша нақты шараларды белгілеу міндетін жүктеді. Президент екі айдың ішінде шетелден білікті мамандарды тартып, менеджмент пен өндіріс процестерін цифрландыру бойынша практикалық жұмыстарды бастауды тапсырды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы бұл суық күндері қарызға бола үйлерде жарық пен газды өшіруге болмайтынын қадап айтты.

Жиында Ташкент әкімі Жахонгир Артыкходжаев, Энергетика министрінің орынбасары Шерзод Ходжаев және "Жылу электр стансаларының" басшысы Фарход Абдурахманов қызметтен босатылғаны белгілі болды. "Өңірлік электр желілері", "Узтрансгаз" және "Өзбекмұнайгаз" басшылары үш айлық сынақ мерзімімен басшы міндетін атқарушы болды.

Шавкат Мирзиёев қазіргі жағдай салалар мен өңір басшыларының бүгінгі күнге дейін қалай жұмыс істегенін айқын көрсетіп отырғанын атап өтті. 


Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев