БҰҰ Бас хатшысы бүгіндері әлемнің Батыс пен Шығыс болып бөлініп бара жатқанын айтты

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі уақытта әлемнің Батыс пен Шығыс болып бөлініп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұған АҚШ пен Қытайдың бақталасуы себеп, деп хабарлайды ТАСС.

"Әлемдік қауымдастықтың ауызбіршіліктен ауылы алыс. Керісінше, соңғы кездері біздер үлкен геосаяси алауыздық пен сенімсіздікке тап болып отырмыз. Мұның арты әлемдегі екі ірі экономика арасындағы байланыстың үзілуіне әкеліп соғуы мүмкін". БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Гутерриш Бейжің мен Вашингтонның көптеген тақырып бойынша әртүрлі пікірде екенін айтады. Әсіресе, адам құқықтары мен аймақтық қауіпсіздікті қорғау мәселесінде қос елдің қатынасы шиеленіске толы.

Сонымен қатар, бүкіләлемдік ұйымның Бас хатшысының пікірінше, "бұл мемлекеттер экономикалар арасындағы байланыстардың үзілуіне жол бермеу және болашақ қақтығыстардың ықтималдығын жою үшін климат, сауда және технология мәселелерінде ынтымақтасуы қажет".

Қытай АҚШ БҰҰ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: