- АҚШ Украинаға Bradley маркалы жаяу әскер ұрыс машинасының алғашқы партиясын жіберді, деп хабарлады Пентагон.
- НАТО-ның Бас хатшысы Столтенберг Оңтүстік Кореяны Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын қаруды беруге көндіре алмады. Президент Юн Сук Ель қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның елі қарулы қақтығысушы тараптың ешқайсысына әскери көмек көрсете алмайтынын еске салды.
- Эммануэль Макрон Францияның Украинаны әскери атқыш ұшақпен қамтамасыз ететінін жоққа шығармайды, деп хабарлайды BFM TV.
- Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силва Украинадағы жағдайды реттеудің жаңа халықаралық көпжақты формат құруды ұсынды.
- Украина СІМ спикері Олег Николенко Ирандағы әскери-өнеркәсіптік нысандардағы жарылыстарға қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ ол Иранның Украина аумағындағы агрессияны қолдайтынын меңзей отырып: "Иран нысандарында болған жарылыстардың себебі бізге беймәлім. Бірақ парсы халқының мынандай даналық сөзі бар: "Басқаға жамандық жасама, кесірі өзіңе тиеді".
- Ресей Батыстың зияткерлік меншікті лицензиясыз пайдалану ережелерін қабылдау арқылы санкцияларға қарсы жауап бермекші, - деді РФ Қауіпсіздік кеңесінің орынбасары Дмитрий Медведев.
- Жақын күндері Курск облысына Ресей армиясының әскери қызметшілерінің қосымша контингенті келіп жетеді, деп хабарлады аймақ губернаторы Роман Старовойт.
- Ресейдің Ханты-Мансийск округінде әскери комиссариатты өртегені ер адам "террористік шабуыл" бабы бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады РИА Новости.
- РФ Қорғаныс министрлігі Донецк облысындағы Благодатное елдімекені Ресей армиясының қолына өтті деп мәлімдейді.
- Әнші Олег Газманов Ресейдегі патриоттық әндер базасын құрғаны үшін мемлекеттен 17 миллион рубль алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
- Халықаралық журналистер федерациясы өз құрамынан Ресей Журналистер Одағын шығаруға бастамашы болды, деп хабарлады Reuters.
- Украинаны қолдау ісіндегі басты міндет - табандылық пен төзімділік таныту, - деді сейсенбіде Чехия СІМ басшысы Ян Липавский Пезинок қаласында (Словакияның батысында) өзінің словак әріптесі Растислав Сапермен болған кездесуден кейін.