Түркиядағы тағы 42 қазақстандық Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен елге оралды

Сурет: Telegram/pressmfakz
2023 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құралдарымен Түркияның Газиантеп провинциясына келді. Дәл осы арнайы ұшақ Түркиядан Қазақстанға 64 адамды жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам:

"Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген".ҚР Сыртқы істер министрлігі

2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды.

7 ақпанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Түркияға ұшты. Сол арнайы рейспен кешкі уақытта Түркиядан Астанаға 16 қазақстандық пен екі қырғызстандық келген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады