Қытай полицейлері есірткіні тиінмен іздей бастады

Сурет: pixabay
Қытайда енді есірткіні енді тиін іздейді. Мамандар ит сияқты тиін де тыйым салынған заттарды анықтай алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымының жазуынша, тиін көлемінің кішкентай болғаны есірткі іздеу жұмысында өте маңызды. Өйткені олар қуыстарға жасырын кіруге қабілетті: мәселен, жасырын жерлердегі, қоймалардағы, биік жерлердегі қуыстар.

Тиіндер бригадасы есірткі табылған кезде тырнап белгі береді.

Жаттықтырушылар тиіндерді бұл деңгейге жеткізу үшін жылдар қажет болғанын, бірақ олар "жұмысты тамаша" атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар мамандар тиін иісті жақсы сезетінін айтты.

Тиін иіс сезу қабілеті қоғам қажетіне қолданылатын алғашқы кеміргіш емес. Он жылдан бері бомбалар іздеу және залалсыздандыру жұмысына егеуқұйрықтар тартылып келеді.

Қытай
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео