"Жалғыздық жанына батқан" жапондық пошта жәшіктеріндегі мыңнан астам ашықхатты ұрлап кеткен

Сурет: pixabay
Жапонияда ер адам пошта жәшіктерінен 1000-нан астам мерекелік ашықхаттарды ұрлап кеткен. Ол бұл әрекетін жалғыз қалғанымен түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа жылдық ашықхаттарды ұрлаған күдікті Хего префектурасының 38 жастағы тұрғыны. Ол 14 қаңтарда көпқабатты үйлердің біріндегі пошта жәшіктерін бұзған кезде ұсталды.Ол кінәсін мойындап, бұл қылмысқа жалғыздықтан бір уақ серпілгісі келгендіктен барғанын айтқан, деп жазды Sora News.

Ол бостандыққа шыққанымен, екі күннен кейін қайта қамауға алынды. Полицейлерге куәгерлер қаладан күдіктіге ұқсас ер адамды көргенін айтқан. Ол ашық хаттарды пошта жәшіктеріне қайта лақтырып жүрген.

Полиция ұсталған адамның басқа уәжі бар деп есептейді. Жапония поштасы шығарған әрбір жаңа жылдық ашықхаттың артында алты таңбалы нөмір бар. Бұл – қаңтар айының ортасында өтетін ұлттық ұтыс ойынының лотерея нөмірлері.

Жеңімпаздар 225 доллардың сертификатын немесе тегін азық-түлік ала алады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

"Мыжылып, адам қысылып қалды". Алматы маңында екі көлік бетпе-бет соқтығысты

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

"Қар аралас жаңбыр жауады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертіледі