Путин ядролық сынақтар жайында сөз қозғады

Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Қорғаныс министрлігі мен "Росатомға", егер АҚШ бірінші болып бастаса, ресейлік ядролық қаруды сынақтан өткізуге дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту мен шектеу шаралары туралы шарттан шығатынын мәлімдеді.

"Мен Ресей Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту мен шектеу шаралары туралы шартқа қатысуын тоқтатып жатқанын жариялауға мәжбүрмін. Ол шарттан шығып жатқан жоқ, бірақ қатысуын тоқтатып отыр. Талқылауына оралмас бұрын, біз Франция мен Ұлыбританияның ядролық арсеналдарын қалай ескеру керек екенін түсініп алуымыз керек". Владимир Путин

Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруын одан әрі қысқарту және шектеу шаралары туралы келісімге президенттер Дмитрий Медведев пен Барак Обама 2010 жылғы 8 сәуірде Прагада қол қойды. Ол 2011 жылғы 5 ақпанда күшіне енді.



Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды