Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізетіні хабарланған еді.
"Ертең Астанада Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың сыртқы істер ведомстволары басшыларының 5С+1 форматындағы министрлік кездесуі өтеді. Бүгінде оған барлық шетелдік Орталық Азия елдерінің министрлері қатысатыны расталды. С5+1 министрлер кездесуінде АҚШ-тың Орталық Азия елдерімен энергетика және экология экономикасы, сонымен қатар терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылау жоспарланып отыр", - деді Айбек Смадияров.
СІМ-нің мәліметінше, бүгінде c5+1 тетігі өзін Орталық Азияның жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде аймақтық ынтымақтастыққа жәрдемдесетін тиімді дипломатиялық платформа ретінде көрсетіп келеді.
27 ақпан күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкен Қазақстанға сапары алдында әуежайда түскен фотосын жариялады. Ол сапары туралы Twitter-дегі парақшасына жазды. Фотоның астына ол бүгін (27 ақпан) Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарға аттанатынын атап өтті. Бұл - оның мемлекеттік хатшы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары.