Стамбулда зілзаладан зардап шеккендер ауруханадан шығып жатыр

Сурет: Anadolu агенттігі
Апат аймағынан зардап шеккен 16,5 мыңнан астам адам Ыстамбұлдағы ауруханалардан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер мегаполиске Түрік қарулы күштерінің әскери-көлік ұшақтары мен Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық ұшақтарымен жеткізілген.

Әуежайдан олар жеке және мемлекеттік ауруханаларға, сонымен бірге университеттердегі медицина мекемелеріне таратылды.

Жалпы зілзаладан бері 17 676 жаралы Стамбулға емделуге жеткізілген.

Кейінгі мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісі салдарынан 46 104 адам қаза тапқан.

Сонымен қатар БҰҰ мәліметі бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мың бала үйлерін тастап кеткен.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы