Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР төрағасы болып қайта сайланды

Сурет: wikimedia
Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының депутаттары бірауыздан Си Цзиньпинді үшінші бес жылдық мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне қайта сайлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын сайлау жұма күні, 10 наурыз күні таңертең жалпы отырыста жасырын дауыс беру арқылы өтті. Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге сайланған алғашқы төраға атанды, деп жазды РИА Новости.

Сонымен қатар ол елдің барлық қарулы күшіне қолбасшылық етіп, біртұтас басқаруды қамтамасыз ететін Қытайдың Орталық әскери кеңесінің (ЦӘК) басшысы лауазымына қайта сайланды.

Си Цзиньпин алғаш рет 2013 жылдың наурызында Қытай Халық Республикасының төрағасы болып сайланды және 2018 жылдың наурызында екінші бес жылдық мерзімге қайта сайланды.


Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды