Қытай үкіметінің жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: freepik
Компартия ОК Саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшесі болып табылатын 63 жастағы Ли Цян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ли Цян ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі лауазымына сенбі күні таңертең, яғни Бейжіңде қазір өтіп жатқан 14-ші шақырылымдағы Жалпықытай халық өкілдері жиналысының 1-ші сессиясында бекітілді, деп хабарлайды Синьхуа.

Ол АҚШ-пен "сауда соғысы" және пандемия кезінде Үкіметті басқарған Ли Кэцянның орнын басады. Ли Цян технологияны өрістету және экономиканы дамыту тұрғысынан ауыз толтырып айтарлықтай тәжірибеге ие және қытай саясатының жарқын өкілі болып саналады. Ол өткен жылдың қазан айында ҚКП ОК Саяси бюросының тұрақты комитетіне мүшелікке өткен соң партиялық иерархияда бірден 2-ші орынға ие болды.

ҚХР үкіметінің басшысы лауазымының өкілеттік мерзімі 5 жыл және оны бір адам тек екі мерзімнен ары атқара алмайды. ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин бұл қызметке Ли Цянның кандидатурасын ұсынды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады