Дональд Трамп сотталса да сайлауға түсуден бас тартпайтынын айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп іскерлік құжаттарды бұрмалау ісі бойынша сотты болса да, 2024 жылғы президенттікке таластан сырт қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News жүргізушісі Такер Карлсон Дональд Трамптан айыптаулар президенттікке кандидат болуға деген ниетіне әсер етпей ме деп сұрады, деп жазды New York Post.

"Жоқ, Мен ешқашан бас тартпас едім". Дональд Трамп

76 жастағы Трамп әлі де президенттікке кандидат бола алады, тіпті сайланған жағдайда елді басқара алады. Егер экс-президент кінәлі деп танылса, АҚШ конституциясында оның кандидатурасын ұсынуға кедергі келтіретін тармақтар жоқ.

"Егер ол келесі сайлау кезінде түрмеде отырса да, оның түрмеде отыруы оның сайлауға түсуіне кедергі болмайды". Солтүстік Каролина университетінің заң мектебінің конституциялық құқық профессоры Майкл Герхардт

4 сәуірде Дональд Трамп 2016 жылғы сайлау қарсаңында порно актриса Сторми Дэниэлске "тіс жармауы" үшін ақша ұсынды деген болжамға байланысты 34 қылмыстық іс бойынша кінәсін мойындамады.

Трамп Дэниэлспен қарым-қатынасын жоққа шығарады және бірнеше рет "жаман әрекетке бармадым" деп мәлімдеді. Сотқа дейін бір жыл уақыт өтуі мүмкін.



АҚШ
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: