КХДР зымыран ұшырған соң Жапонияда шұғыл эвакуация жарияланды

Сурет: pixabay
Жапония билігі Солтүстік Кореядан белгісіз зымыран ұшырылғаны белгілі болғаннан кейін Хоккайдо аралының тұрғындарын шұғыл эвакуациялау жөнінде хабарлама жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 сәуірде таңертең Солтүстік Кореядан белгісіз зымыран ұшырылғаны туралы ақпарат тараған оң Жапония билігі шұғыл эвакуация жөнінде хабарлай бастады. РИА Новости басылымы Жапонияда орналасқан агенттіктің тілшісіне сигнал телефон арқылы келгенін жазды.

"Шұғыл эвакуация. Шұғыл эвакуация. Шұғыл түрде бөлменің ішіне немесе жертөлеге эвакуацияланыңыз. Сағат 8.00-де Хоккайдо аралының маңындағы теңізге  зымыран түседі. Шұғыл түрде эвакуацияланыңыз!" – делінген хабарламада.

Жапон әскери қызметкерлерінің айтуынша, зымыран Жапонияға қарай ұшырылған болуы мүмкін. Баллистикалық нысанның соққы беру аймағына Хоккайдо аралы кіреді.

Кейінірек зымыран Жапон теңізіне құлағаны белгілі болды. Ұшырылған нысан Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды