Франциядағы наразылықтар: Конституциялық кеңес зейнетақы реформасын тексеретін болды

Сурет: pixabay
Францияның Конституциялық кеңесі 16 наурызда Үкімет қабылдаған зейнетақы жүйесін өзгерту туралы заң жобасының Конституцияға сәйкестігі жөніндегі қорытындысын жұма күні жариялауы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституциялық кеңес шешімі Астана уақыты бойынша сағат 21:30-да жарияланады. Зейнетақы реформасының заңдылығы жөніндегі мәселеден бөлек,  Конституциялық кеңес зейнеткерлік жасын қазіргі 62 жастан ұлғайтуға тыйым салу мәселесі бойынша референдум өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды (Үкімет ұсынған реформа оны 64 жасқа дейін арттыруды көздейді), деп жазды ТАСС.

Сонымен қатар Ұлттық жиналыстың (Парламенттің төменгі палатасының) және Сенаттың (жоғарғы палатаның) солшыл депутаттарының тобы бейсенбіде Конституциялық кеңеске референдум өткізу жөнінде тағы сауал жолдады.

Қаңтарда Францияда зейнетке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін көтеруді және бірқатар арнайы зейнетақы режимдерін жоюды көздейтін зейнетақы реформасының жобасы ұсынылды.

Бұл бастама бүкіл елде ереуілдер тудырды. 16 наурызда премьер-министр өзінің конституциялық өкілеттіктерін пайдаланып, заң жобасы Ұлттық жиналыста дауыс бермей қабылданатынын жариялады, бұл наразылықтардың жаңа толқынын тудырды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді