"Полиция, шіркеу ғимараттары өртенді." Франция халқы тағы көтеріліп кетті

Сурет: Twitter/RadioGenova
Жұма күні Францияның бірқатар қалаларында наразылық акциялары өтті. Қалың бұқара Конституциялық кеңестің зейнетақы реформасының негізгі ережелерін мақұлдаған шешімінен кейін көшеге шығып, оның арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFM телеарнасы құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сүйене отырып, Парижде стихиялық наразылық акциясына 4 мыңға жуық адам қатысқанын хабарлады. Наразылық білдірушілердің бірнеше тобы ел астанасының мэрия ғимаратының жанына жиналды. Олар қоқыс жәшіктерін, сырттағы орындықтарды, велосипедтерді өртеп жіберді. Полиция көзден жас ағызатын газды қолдануға мәжбүр болды.

Агрессивті демонстранттар полиция бөліміне шабуыл жасап, алдыңғы есікті өртеген. Нант орталығында трамвай жолдарында өрт болды, префектура ғимаратында полициямен қақтығыстар орын алды. 2,3 мыңға жуық наразылық білдірушілер Тулузада да көшеге шықты. Жаппай шеру Дижон, Страсбург, Марсель және Лион қалаларында да өтті, онда да құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газды қолданды

Республиканың ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің айтуынша, наразылық білдірушілер Ренндегі шіркеуге де шабуыл жасаған.


"Бүгін түнде Реннде полиция бөлімшесі мен шіркеуге бұзақылардың жасаған шабуылдары барып тұрған бассыздық", - деп жазды ведомство басшысы Twitter-де. Сондай-ақ ол кінәлілер жауапқа тартылатынын ескертті. 

Deutsche Welle басылымы Парижде 112 адам ұсталғанын хабарлады.

Бұл - Францияда зейнетақы реформасына қарсы 12-ші мәрте өткізіліп отырған жалпыхалықтық көтеріліс. Реформаны қабылдау қарсаңында өткізілгендіктен бұл жолғысы аяусыз басып-жаншуға ұшырады.


Жұма күні Франция Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасының негізгі ережелерін, соның ішінде 2030 жылға қарай зейнетке шығудың ең төменгі жасын 62 жастан 64 жасқа дейін көтеруді заңды деп таныды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты