Сенат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісімге түзетулерді мақұлдады

Сурет: gov.kz
Сенат депутаттары 1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әділет министрлігінің мәліметінше, құжат ішкі істер органдарының қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсету құзыретін алып тастады. Енді бұл функция Бас прокуратураға тиесілі.

Сонымен қатар түзетулер мыналарды көздейді:

"Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқығын қорғауға бағытталған азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді".Әділет министрлігі

Бұған дейін Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылекова мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі үкімет шетелге заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасын әзірлеуді әдейі кейінге қалдырып отыр деген сынына жауап берген еді.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда