Өзбекстанда референдум өтіп жатыр

Сурет: freepik
30 сәуірде Өзбекстанда Конституцияға өзгертулер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Конституцияға ұсынылған түзетулер елдің негізгі заңы мәтінінің 65%-ға жаңартылатынын, баптар саны 128-ден 155-ке дейін, ал тараулар саны 26-дан 27-ге дейін артатынын байқатады. Мұндай ауқымдағы түзетулер тек референдум арқылы енгізу мүмкін екені нақтыланады. 

Өзбекстан қоғамы қызу талқылап жатқан заңның негізгі тармақтары: жерге жеке меншік құқығын бекіту, өлім жазасына тыйым салу және Президенттің өкілеттік кезеңін ұлғайту.

Дауыс беру кезінде азаматтарға әрбір жаңа бап бойынша сұрақтар қойылмайды, тек өзгерістерді тұтастай қолдау туралы жалпы сұрақ қойылады. Басқаша айтқанда, азаматтар таңдауына тек екі нұсқа ұсынылады — "қолдаймын" немесе "қарсымын".

Ұсынылып отырған өзгерістердің бірі - Өзбекстандағы президенттік мерзімнің 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылуы. Бұған дейін Конституцияға түзетулер енгізіліп, Мемлекет басшысының билік ету мерзімі 7 жылға дейін ұзартылған болатын, алайда кейін ол қайта 5 жылға дейін қысқарған болатын. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында адамдардың көп жиналғанын сипаттайтын видео жариялаған болатын. Бұл көршілес елдегі жалпыхалықтық дауыс беру науқанына байланысты ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз