Citizen TV арнасының мәліметінше, Кенияда "Ізгі хабар" діни бірлестігінің пасторы дінді ұстанушыларға аштан қатуды бұйырған, салдарынан 226 адам қаза тапты. Өткен демалыс күндері қаза тапқандар саны 201-ге жеткені хабарланған.
"Жағалау провинциясының аймақтық комиссары Рода Оньянчтің айтуынша, сәрсенбі күні табылған 15 мәйіттің 14-і қабірлерден және біреуі бұталардың арасынан табылған. Осылайша орманда табылған мәйіттердің жалпы саны 226-ға жетті", – делінген телеарна таратқан ақпаратта.
Мәйіттер пастор Пол Маккензидің соңынан ерушілердікі деген болжам айтылды. Ол Исамен кездесу үшін қауымына аштықтан өлуді бұйырды деген болжам бар. Осы айдың аяғында Маккензи, оның әйелі және тағы 16 күдікті сот алдында жауап бермек. Прокурорлар оның "терроризм" бабымен жауапқа тартылатынын хабарлады.