Таяу Шығыстағы қақтығыс Түркияның туризм саласына әсер етуде

Таяу Шығыстағы қақтығыс Түркияның туризм саласына әсер етуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 15:44 Сурет: pixabay
Түркияның туристік секторы жаңа маусымда қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таяу Шығыстағы қақтығыс тағы үш айға созылса Түркия жаңа туристік маусымда шамамен 7 миллиард доллар табысынан айырылуы мүмкін. Мұндай болжамды түрік басылымы Ekonomim талдаушылары ұсынды.

Өткен жылы Түркияға шамамен Таяу Шығыс елдерінен 5,6 млн туристер келген. Алайда биылғы маусымның өзінде соңғы шиеленіске байланысты көптеген саяхатшылар жоспарланған сапарларын бас тартуда.

"Жалпы шығындар елдің туризмнен түскен жалпы табысының 10%-нан асып кетуі мүмкін. 2025 жылы бұл көрсеткіш 65 миллиард доллар болған",- делінген ақпаратта.

Сарапшылар сондай-ақ Түркияда демалыстың қымбаттауы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл үрдіске келесі факторлар әсер етеді:

  • Мұнай бағасының өсуі
  • Түрік лирасының әлсіреуі

Туризм саласымен қатар, экспорт та қатты зардап шегуі мүмкін. Себебі Түркияның Таяу Шығыс елдеріне, әсіресе Иран арқылы өтетін транзитпен, жыл сайынғы жеткізілім көлемі 31 миллиард доллардан асады.

Бұған дейін Дубайда зәулім ғимараттардың біріне дрон түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: